Accessibility links

«Тасжарғанның» апелляциялық шағымын қарауға Жоғарғы сот кіріспек


Қазақстанның Жоғарғы соты бүгіннен бастап «Тасжарған» газетінің адвокаттары мен қорғаушыларының мәжіліс депутаты Ромин Мадинов пен басылымның арасындағы дау аясындағы Алматы қалалық соты қадағалау алқасының шешіміне қатысты апелляциялық шағымын қарауға кіріспек.


Маусым айының 3-і күні Алматы қалалық сотының қадағалау алқасы апелляциялық инстанцияның шешіміне шағымданған «Тасжарған» газетінің шағымын қарап, қанағаттандырмағанын хабарлағанбыз. «Енді бізге Жоғарғы сотқа шағымдану ғана қалды», — деген еді сол күні Азаттық радиосына мәлімет берген басылымның бас редакторы Бақыткүл Мәкімбай.

Оның алдында өткен сот отырысында Алматы қалалық сотының апелляциялық инстанциясы қалалық соттың Медеу аудандық сотының шешімін қатайтып, 3 миллион теңге айыппұлды 10 есеге ұлғайту туралы шығарған шешімін өзгеріссіз қалдырған еді.

Аталған сот дауына себеп болған ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Ромин Мадиновтің 2008 жылы 24 сәуірде «Тасжарған» газетінде жарық көрген «Байғұс латифундист» атты мақала өзінің ар-намысына тигенін алға тартып, газеттің меншік иесі мен мақала авторы Алмас Көшербаевтың әрқайсысынан моральдық өтем ретінде 300 миллион теңге өндіріп алу туралы талабы.

23 сәуірде Алматының ауданаралық арнайы сот шешімімен оппозициялық «Тасжарған» газетінің лауазымы бойынша «Бас оқырманы» аталып кеткен, жетекшісі Ермұрат Бапи депутат Ромин Мадиновтың 30 млн теңгелік ақшалай өтемақысын өтеу туралы сот орындаушысының талабын орындамағаны» үшін бес тәулікке қамалып, артынша-ақ Алматы қалалық прокуратурасының қарсылығымен қамаудан босатылған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG