Accessibility links

Қазақстан жеріне заңсыз өтпек болған 23 өзбекстандық ұсталды


Қазақстандық шекарашылар мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпек болған Өзбекстанның 23 азаматын ұстап алды, — деп хабарлайды ҚР ҰҚК –нің баспасөз қызметі.

ҰҚК –нің баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, көрші елдің тұрғындары тексеру пунктінен тыс жерден өту арқылы Қазақстан жеріне аяқ басуды мақсат тұтқан. Бірақ оларды ҰҚК шекара қызметінің «Оңтүстік» аймақтық басқармасының қызметкерлері қолға түсірген. Бұл дерек бойынша анықтау жұмыстары жүргізілуде.
XS
SM
MD
LG