Accessibility links

Жоғары оқу орындарында студенттер саны азайып барады


Қазақстанда соңғы үш жылда жоғарғы оқу орындарының студенттер саны 20%-ға азайып кеткен, — деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми өкілі Серік Рсалиев.

Оның айтуынша, 2006 жылы Қазақстандағы ЖОО-да студенттер саны 775 мың болса, қазір 633 мыңды құрайды.

«Біз мұның алғашқы себебін демографиямен байланыстырамыз, өйткені қазіргі студент жасындағы балалар 1990-жылдары, яғни қиын уақытта дүниеге келгендер, екінші себебі, оқушылардың көбі 9-сыныптан кейін академиялық білім алу жолын таңдамай, колледждер мен кәсіби лицейлерге баруда», — деді ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми өкілі.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG