Accessibility links

ҚМДБ: Меккеге баратындардан анықтама сұралады


Қазақстаннан қажылыққа баратындардың тұмауға қарсы вакцина егілгендігі туралы анықтамасы болуы тиіс, — деп хабарлады Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының қажылық бөлімінің меңгерушісі Балтабай қажы Мекежанов.

«Кеше Сыртқы істер министрлігінен хат алдық, оларға бұл хат Сауд Арабиясының елшілігінен келген екен. Онда егер сол уақытқа дейін бұл вакцина дайын болатын болса, қажылыққа баратын азаматтардың виза алудан екі апта бұрын тұмауға қарсы вакцина егілгендігі туралы анықтама ұсынулары тиіс делінген», — деді Мекежанов.

Оның айтуынша, биыл Қазақстан үшін қажылыққа 4 мың адамға квота бөлінген. Өткен жылы квота саны 5 мың болған, соған қарамастан биыл да квотаға сай адам санын толтыру қиындық туғызуы мүмкін. Қажылық сапары қаша айында басталады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG