Accessibility links

Қазақстандықтар халықаралық «Урал-2009» раллиіне қатысады


Бүгін Ресейдің Челябі облысынан бастау алатын халықаралық «Урал-2009» раллиіне қазақстандық жарысушылар да қатысады.

Жарысқа қатысуға өтініш білдірген 79 экипаждың ішінде Қазақстаннан басқа Швеция, Украина, сондай-ақ ресейлік Мәскеу, Санкт-Петербург, Түмен, Самара, Саратов, Пермь аймақтарының командалары бар.

Отандық және шетелдік көліктерге мініп жарысатын бұл командаларды 120 шақырым тас жолмен жүру, бұрылыстар, өрлеу мен құлдилау сияқты жарыс түрлері күтіп тұр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG