Accessibility links

Соня Сотомайор АҚШ Жоғары сотындағы үшінші әйел төреші болды


АҚШ Конгресінің сенаты Соня Сотомайорды Жоғары сот мүшелігі қызметіне бекітті. С.Сотомайордың кандидатурасын 68 сенатор қолдаса, 31-і қарсы дауыс берген. Осылайша ол АҚШ Жоғары сотындағы алғашқы латынамерикандық текті сот төрешісі және үшінші әйел төреші болды, — деп хабарлайды Associated Press.

С.Сотомайордың кандидатурасын АҚШ президенті Барак Обама осы жылдың мамыр айында 1990 жылдан бергі Жоғары сот мүшесі Дэвид Саутердің кетуінен кейін ұсынған болатын.

АҚШ Жоғары соты мемлекеттің ең жоғарғы сот инстанциясы болып табылады. 1869 жылдан бері соттың құрамына 9 төреші кіреді, олардың қызметтік мерзімі «өз міндетін адал атқаруына» қарай белгіленеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG