Accessibility links

Ұлттық банк қайта қаржыландыру ставкасын төмендетті


ҚР Ұлттық банкі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ұлттық банк 2009 жылғы 10 тамыздан бастап жылдық қайта қаржыландыру ставкасын 8%-дан 7,5% деңгейіне төмендетті.

Ресми қайта қаржыландыру ставкасының төмендеуі 2009 жылғы шілдеде жылдық инфляцияның 6,9%-ға дейін төмендеуіне, сондай-ақ отандық банкаралық нарықта нарықтық ставкалардың жалпы төмендеуіне байланысты болды.

Ресми қайта қаржыландыру ставкасының 7,5% деңгейі белгіленген деңгейден төмен болып табылады, бұған дейін ресми қайта қаржыландыру ставкасы 2003 жылғы 7 шілде - 2005 жылғы 1 ақпан аралығындағы кезеңде - 7,0% ғана болған.
XS
SM
MD
LG