Accessibility links

Үйқамақтан қашып кеткен Сұлтан Махмадов ұсталып, Таразға жеткізілді


Үйқамақта отырған жерінен қашып кеткен «БМ» компаниясының директоры Сұлтан Махмадов Мәскеу рейсімен ұшқалы тұрған жерінде қырғыздың «Манас» әуежайында қолға түсіп, сот процесі өтіп жатқан Тараз қаласына жеткізілген,- деп хабарлады Қазақстанның бірқатар ақпарат агенттіктері

9 ай бойы арнайы қызметтің бақылауымен үйқамақта отырған «БМ» компаниясының директоры Сұлтан Махмадов "салық төлеуден жалтарғаны және жариялау мақсатында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құпия мәліметтерін ұрлағаны үшін" деп айыпталған, оған Тараздағы №2 қалалық сотта қылмыстық ісі бойынша айыптау үкімі шығарылуға тиіс болатын.

Сұлтан Махмадов кеше түстен кейін демаламын деп, екінші қабаттағы бөлмесіне кіріп кетеді. Есіктің сыртында, дәлізде отырған күзетші 60 жастағы кәсіпкердің екінші қабаттан секіріп, белгісіз жаққа қашып кеткенін білмей қалады.

Арнайы қызмет пен құқық қорғау органдары бірлесіп, «Перехват» операциясын жариялайды, осының нәтижесінде оны қырғыз сақшылары ұстайды.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Тараз қаласындағы №2 сотта жабық жағдайда өтіп жатқан процесте прокурор судьядан «БМ» компаниясының директоры Сұлтан Махмадовқа 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын беруді сұраған.


Сұлтан Махмадовтың қащқаны жөніндегі ақпаратты "Журналистер қауіп-қатерде" баспасөзді қорғау ұйымының жетекшісі Розлана Таукина да Тараз қалалық сотының төрағасына сілтеме жасай отырып, растады.

"Тараздағы №2 қалалық соттың төрағасы Абидов ҰҚК-нің Жамбыл облыстық департаменті Сұлтан Махмадовтың үйқамағынан қашып кетуіне байланысты кәсіпкерді қамауда ұстау жөнінде ұсыныс түсірді, сот ҰҚК-нің бұл ұсынысын қанағаттандырды деп хабарлады",- деді Розлана Таукина.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG