Accessibility links

Рамазан Есіргеповке қатысты сот үкімін жариялау мерзімі кейінге қалдырылды


«Алма-Ата инфо» басылымының бас редакторы Рамазан Есіргеповке қатысты сот үкімін жариялау мерзімі белгісіз уақытқа кейінге қалдырылды, — деп хабарлады Азаттыққа «Журналистер қауіп-қатерде» баспасөзді қорғау қорының президенті Розлана Таукина.

«Тараз қаласындағы №2 соттың төрағасы Нұрмұхамад Әбидов алдағы дүйсенбіде үкімді жариялау мерзімі хабарланатынын айтты. Оның айтуынша, бірақ бұл күні үкім жария етілмейді», — деді Розлана Таукина.

Бұдан бұрын Сұлтан Махмадовтың адвокаты Мұсатай Бектасовтың Рамазан Есіргеповке қатысты сот отырысындағы жарыссөздер аяқталды, сот үкімі 7-тамыз күні сағат 10.00-де жария етіледі деген ақпаратын хабарлағанбыз.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG