Accessibility links

Бомба жарылысынан 6 ауғандық пен 4 АҚШ сарбазы қаза тапты


Ресмилердің айтуынша, Ауғанстанның оңтүстігінде орын алған бомба жарылыстарынан 5 полиция қызметкері мен бір күзетші қаза тапқан. Полицейлер Қандағар өлкесінің Арғандаб ауданында бейсенбі күнгі жарылыстан қаза болған, ал жұма күні таңертең осы өлкеде тағы бір бомба жарылып, бір күзетші опат болған.

Бұл екі арада АҚШ әскерилері Хелмандта 4 американдық сарбаздың мерт болғандығын хабарлады.

Тамыздың 20-дағы президент сайлауы алдында Ауғанстанда бүлікшілер шабуылдарын көбейтіп отыр.
XS
SM
MD
LG