Accessibility links

Ресей-Грузия соғысынан кейін мыңдаған адам үйлеріне жете алмай отыр


Amnesty International ұйымының мәліметінше, Оңтүстік Осетияға байланысты орын алған Ресей-Грузия соғысынан кейін бір жыл өтсе де 30 мың адам өз үйлеріне орала алмай отыр. Жұма күні бескүндік қақтығыстың басталғанына бір жыл толды.

Халықаралық ұйымның жариялаған мәлімдемесіне қарағанда, аймақта жалғасып жатқан теке-тірес пен қауіпті жағдайға байланысты көптеген адам өз үйлеріне жете алмай отыр.

Грузия президенті Михаил Саакашвили бүгін кешке халыққа жолдауын жариялайды. Оңтүстік Осетия жетекшісі Эдуард Кокойты да мәлімдеме жасамақшы.
XS
SM
MD
LG