Accessibility links

Ресей соты: Политковскаяның өліміне қатысты сот үдерісі жалғасады


Ресей сотының айтуынша, журналист Анна Политковскаяның өліміне қатысты жаңа сот процесі басталады. Алайда сот тергеу ісінің жаңадан қаралауы туралы Политковская отбасының шағымын қабылдамады.

Үкіметтің сыншысы Политковская 2006 жылдың қазан айында Мәскеуде оққа ұшқан болатын. Оның қолдаушылары журналистің өліміне ресмилердің қатысы бар деп айыптап отыр бірақ Кремль мұны жоққа шығарып келеді.

Сотқа тартылған 3 адамға Политковскаяның өліміне қатысы бар деген айып тағылған. Журналистке оқ атты деп күдіктелгендер табылмады, сондай-ақ, билік орындары бұл өлімге тапсырыс бергендерді анықтай алмады.
XS
SM
MD
LG