Accessibility links

Иран наразылыққа қатысқандарды жазалауда


Иранда оппозицияның маусым айындағы наразылық шарасына қатысқан тағы бір топтың үстінен сот үдерісі басталды. Ол туралы жергілікті баспасөз хабарлайды.
100-ге тарта кісіні жазаға тартқан бірінші сот осыдан бір апта бұрын аяқталды. Оппозиция көсемдері сотталушылардың құқы бұзылғанын айтып, сот процесін өткір сынға алды.
Ирандағы жаппай наразылық шеруі 12 маусымдағы президент сайлауының ізінше басталды. Дауыс беру кезінде заңсыз бұрмалаушылықтарға жол берілгенін мәлімдеген оппозиция қазіргі президент Махмуд Ахмадинеджадтың жеңісін мойындамады. Шеруді қуып тарату барысында 30-ға жуық адам мерт болды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG