Accessibility links

Ирақта террористік қастандықтар толастар емес


Ирақта соңғы тәуліктің ішінде 50-ге тарта кісі террористік қастандықтардың құрбаны болды. Жергілікті биліктің хабарлауынша, Мосул қаласынан солтүтстікке қарай орналасқан қышлақтағы мешіт жанында жанпидашыл-террорист өзінің автөлігін жарып, одан кем дегенде 38 адам мерт болды.
Оған қоса жұма қас қарайғанда Бағдад қаласының Садр-Сити ауданында қаскүнемдер шағын автобусты жарып, одан 6 кісі көз жұмды, 24 адам жараланды. Оның ізінше қаланың сүнниттер басым тұратын өзге ауданында болған тағы бір жарылыстан тағы 6 кісі қаза тауып, 35 адам жараланды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG