Accessibility links

Палестинада ФАТХ қозғалысының сиезі өтіп жатыр


Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы Вифлеем қаласында өтіп жатқан сиезде ФАТХ қозғалысының басқару органдары сайланады.
Жорамал бойынша, Палестина автономиясының ұлттық әкімшілігінің төрағасы Махмуд Аббас қозғалыстың көсемі болып қалатын сияқты. Сонымен қатар Орталық комитеттің 21 мүшесі және қозғалыстың Төңкеріс кеңесінің 120 өкілі сайлануға тиіс.
Сенбі күні ФАТХ қозғалысының соңғы 20 жыл ішіндегі алғашқы сиезінің ақырғы күні өтеді.
1965 жылы Ясир Арафат құрған ФАТХ қозғалысының халық арасындағы абыройы соңғы кезде түсе бастады. 3 жыл бұрын сайлауда ХАМАС тобына жеңіліп қалып, бұл топ Газа аймағындағы билікті тартып алды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG