Accessibility links

Индонезияда 3 содырдың көзі жойылды


Индонезияның Ява аралында үкіметтің қауіпсіздік күштері қарулы содырлар паналаған үйді 16 сағат бойы қоршауда ұстап басып алды. Жергілікті баспасөздің мәліметіне қарағанда, оққа ұшқан 3 содырдың ішінен терроризммен шұғылданды деген күдік бойынша билік іздеу жариялаған Ноордин Мохаммад Топ та бар тәрізді. Бірақ оның қазасы әлі ресми түрде расталған жоқ.
Тегі малайзиялық Ноордин Мохаммад Топ Индонезиядағы 2003 жылдан бері 50-ге тарта кісі қаза тапқан талай террористік қастандыққа ұйытқы болды деп есептеледі.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG