Accessibility links

Ресейде орыс нәсілшілдігі кең етек жайып барады


Мәскеу, Петербор және Нижний Новгород – нәсілшілдік пиғылмен шабуыл жасау жағынан Ресей қалаларының алдында келеді. Ол туралы Ресейдің адамның құқын қорғаушы ұйымдары хабарлады.
«Сова» сараптама орталығы директорының орынбасары Галина Кожевникованың мәлімдеуінше, Ресейде жыл басынан бері нәсілшілдік пиғылмен 39 адам өлтіріліп, 191 кісі жараланды.
Адамның құқын қорғаушылар Ресейдің ірі қалаларында әсіре ұлтшылардың шабуылдары күзге қарай өсе түсетінін ескертіп, билікті нәсілшілдікке қарсы күресін күшейтуге шақырады.
XS
SM
MD
LG