Accessibility links

Ресей-грузин соғысына 1 жыл толды


Сенбі күні Грузия мен Оңтүстік Осетияда және Ресейде өткен жылдың тамызындағы орыс-грузин соғысының құрбандарын еске алу рәсімі болды. Көптеген қалада өткен жылғы қантөгіске арналған арнайы шаралар ұйымдастырылды.
Грузияда соғыс кезінде қаза тапқан 200-дей жауынгер мен полицейді және бейбіт тұрғынды еске алды.
Оңтүстік Осетияда ресейлік бітімгерлердің бұрынғы бекінісінде қаза тапқан ресейлік 67 жауынгерге ескерткіш крест орнатылды. Цхинвали қаласында оққа ұшқан 162 бейбіт тұрғын еске алынды.
Мәскеуде құтқарушы Исаның шіркеуінде 8 мың білтешам жағылып, Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы Кирилл 8 тамыз күні басталып, 5 күн жалғасқан соғыстың құрбандарына бағышттап дұға оқиды.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG