Accessibility links

Молдова: коммунистер биліктен айрылды


Молдавада кезектен тыс парламент сайлауында жеңіске жеткен 4 саяси партия «Еуропамен бірігу» үндеуімен билік коалициясын құрды. Ол туралы сенбі күні Либерал-демократиялық, Либералдық және Демократиялық партиялары мен «Біздің Молдова» бірлестігі хабарлады.
Олар Молдовада құқықтық мемлекетті қалпына келтіруді өздерінің басты міндеті етіп алды.
Билік коалициясы, сонымен қатар, 7 сәуір күні Кишинеуде болған жаппай тәртіпсіздіктің себептері мен салдарын тергейтін тәуелсіз комиссия құратынын мәлімдеді.
Молдованың жаңа парламентінде оппозиция 101 дауыстың 53-іне ие болса, осыған дейін билік басында болған коммунистер 48 дауыс қана алды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG