Accessibility links

Нагасакиді атомдық бомбалауға 64 жыл толды


Жексенбі күні Жапонияның Нагасаки қаласының әкімі қаланы атом бомбасымен бомбалауының 64 жылдығына байланысты әлем елдерін жойқын қаруды мүлде жоюға шақырды.
Осы жойқын соққының құрбандарын еске алу рәсімінде Нагасаки әкімі АҚШ президенті Барак Обаманың ядролық қаруды жоюға шақырған таяудағы үндеуін қолдап, Обаманы және Ресей президенті Дмитрий Медведевті, сондай-ақ ядрполық қаруы бар өзге жетекші елдердің басшыларын қалаға келіп қайтуға шақырды.
1945 жылдың 9 тамызында ІІ-дүниежүзілік соғыс кезінде АҚШ Нагасакиге плутоний бомбасын тастап, одан 74 мыңға жуық адам қырылды. Одан 3 күн бұрын бірінші атом бомбасы Күншығыс елінің Хиросима қаласында жарылған болатын. Осы екі соққыдан кейін Жапония жеңілісін мойындады.

AzattyqTV

Атыраудағы Наурыз

"Киіз үйге кіргізбеді"

XS
SM
MD
LG