Accessibility links

Америкада тікшақ пен ұшақ қақтығысты


Американың Нью-Джерси штаты мен Нью-Йорк қаласының ортасынан өтетін Гудзон өзенінің үстінде серуен тікұшағы мен шағын ұшақ қақтығысып қалды. Көлік қауіпсіздігі бойынша басқарма тергеуге кірісті.
Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Liberty Tours компаниясына жататын тікұшақта ұшқыштың өзінен басқа 5 италияндық турист болған. Ұшақта ұшқышпен бірге Нью-Джерсиден Пенсильвания штатына қарай жолға шыққан 2 жолаушы – анасы мен баласы отырған көрінеді. Қақтығысқа 2 жағалаудағы мыңдаған адам куә болыпты.
Осыдан 2 жыл бұрын серуен тікұшағы Азаттық ескерткішіне жақын тұста 160 метр биіктіктен құлап, оны өзенге жұмсақ қондыра алған ұшқыштың тшеберлігі арқасында ғана 7 жолаушы аман қалды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG