Accessibility links

Палестиналық ФАТХ тобы жаңа жарғы қабылдады


Палестина автономиясындағы Махмуд Аббас бастаған ФАТХ қозғалысы соңғы 20 жылдағы алғашқы сиезінде жаңа саяси жарғысын қабылдады. Жарғыда қозғалыстың Таяу Шығыс жанжалын бейбіт жолмен шешуге ұмтылатыны айтылады. Бірақ ФАТХ Израиль басқыншылығына қарсы тойтарыс беру құқын қалдырды.
Израильге қоятын талап-шарттардың ішінде – астанасы Иерусалим болатын Палестина мемлекетін құру, босқындарды елге қайтару, Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы еврей қоныстарын жою.
Хабарға қарағанда, жексенбі күні ФАТХ қозғалысының басшылығы сайлануға тиіс. Оның алдында Махмуд Аббас Палестина автономиясының төрағасы болып қайта сайланды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG