Accessibility links

Тәліптер АҚШ жауынгерін тұтқында ұстап отыр


Жексенбі күні Талибан қозғалысының дала қолбасшысы Ауғанстанда ұрланған АҚШ жауынгерінің тағдырын шешпей тұрып Талибан өзінің қойған талабына жауап күтеді деп мәлімдеді.
23 жастағы Боуи Бергдэйл есімді АҚШ жауынгерінің тұтқында отырғаны туралы бейнесюжетті тәліптер интернеттен 18 шілде күні көрсеткен болатын.
Тәліптердің Шығыс Ауғанстандағы дала қолбасшысы Моулви Сангин Бергдэйлдің тағдыры тәліптердің көсемі Омар молданың қолында екенін хабарлады. Оның ескертуінше, егер АҚШ Ауғанстанның шығысындағы екі облыстағы әуе соққысын доғармаса, әлгі жауынгер өлтіріледі.
XS
SM
MD
LG