Accessibility links

Душанбеде ТМД елдерінің мәдениет министрлері бас қоспақ


Бүгін Душанбе қаласында ТМД-ға мүше мемлекеттер мәдени ынтымақтастығы жөніндегі кеңесінің отырысы басталады, — деп хабарлайды РИА Новости.

Тәжікстан мәдениет министрлігі өкілдерінің мәліметінше, жиынға қатысушылар ТМД-ға мүше мемлекеттердің мәдениет саласындағы ынтымақтастығы Концепциясының жобасын талқылап, мәдениет пен өнер саласындағы білімді дамыту, ТМД елдерінің 2009-2010 жылдардағы гуманитарлық шаралар жоспарын жүзеге асыру мәселелерін ортаға салмақ.

Бұл жиынға Тәжікстан, Әзірбайжан, Молдавия, Ресей, Белоруссия, Қазақстан мемлекеттерінің мәдениет министрлері, сондай-ақ ТМД атқару комитетінің мәдениет, спорт, туризм және жастар ісі жөніндегі бөлімінің өкілдері де қатыспақ.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG