Accessibility links

Ингушетияның президенті ауруханадан шығады


Қастандықтың салдарынан жарақат алған Ингушетияның президенті Юнус-Бек Евкуров бүгін ауруханадан шығады, одан шығып санаторийге бармақ, реабилитациялық курстан кейін оның жұмысқа қашан кірісетіні белгілі болады, — деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Калой Ахильгов.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 22-маусым күні жасалмақ болған қастандықтың салдарынан Ингушетияның президенті Юнус-Бек Евкуров самай сүйегі жараланып, миы шайқалып ауруханаға түскен болатын. Президент кортежі тоқтаған жолдың жиегіне қастандық жасау мақсатында бомба қойылған.

Бұл іске қатысты тергеу әлі жалғасуда. Прокуратураның жанындағы тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкиннің мәліметінше, президентке қастандық жасады деген күдікпен төрт адам ұсталып, төрт адам тұтқынға алынған. Сондай-ақ осы оқиғаға пайдаланылған Toyota Camry көлігі де қолға түскен.

9-шілде күні Ингушетия ІІМ қастандықты ұйымдастырған Магас деген лақап атпен белгілі қылмыстық топтың жетекшісі Магомед Евлоев деп хабарлады.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG