Accessibility links

Мехди Карруби наразылық шеруіне шыққандардың қорлық көргенін хабарлайды


Иран оппозициясы жетекшілерінің бірі Мехди Каррубидің мәлімдеуінше, президент сайлауынан кейін наразылық шеруіне шыққан қатысушылардың бірқатары түрмеде қорлық көруде.

Өзінің веб-сайтында жариялаған хатында Мехди түрмеге жабылған жас әйелдердің зорланғандары туралы хабарлайды.

Иран полициясының жетекшілері түрмедегі демонстранттардың ұрып-соғуға, қорлық-зорлыққа душар болғандарын мойындады.
Президент сайлауының қорытындысына наразылық білдіріп, көшеге шыққандардың екі мыңға жуығы түрмеге қамалған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG