Accessibility links

Ирақтағы жарылыста 40 –тан аса адам құрбан болған


Ирақтағы жарылыстар кезінде 40 –тан аса адам құрбан болып, 150-ге жуық адам жарақат алған.

Елдің солтүстігінде Мосул қаласына таяу жерде екі жүк көлігіне қойылған бомбаның жарылуынан ондаған үй қирап, 25 шақты адам құрбан болған, ал Бағдаттың шейіттер тұратын елдімекеніндегі бомбаның жарылуы салдарынан жұмыс іздеп жүрген 16-дай адам қаза болған. Құрбандар саны бұдан да көп болуы ықтимал, құтқарушылар үйінділердің астынан адамдарды іздестіруде.

Соңғы аптада Ирақта террорлық шабуылдар мен құрбандардың саны көбейе түсуде. Мұны 30-маусымда аяқталған АҚШ әскерінің елден шығарылуымен байланыстыруда.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG