Accessibility links

Уго Чавес елді Колумбиямен қақтығысқа дайын болуға шақырды


Венесуэла президенті Уго Чавес елдің әскери басшылығын Колумбиямен арада болуы мүмкін қақтығысқа дайын болуға шақырды. Оның пікірінше, Богота өз аумағында Венесуэланың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін АҚШ әскерін көбейтуді жоспарлап отыр.

У.Чавес «бізге қарсы қауіп күшеюде» деп мәлімдеп, әскер мен халықты шабуылға дайын болуға шақырды, — деп хабарлайды Associated Press.

Венесуэла мен Колумбия арасындағы қақтығыс колумбиялық FARC экстремистік тобының жауынгерлерінен табылған шведтік қаруға байланысты өршіп кеткен. Богота реактивті гранатометтер Венесуэладан келген деп есептейді.
XS
SM
MD
LG