Accessibility links

ҚР ІІМ: Евгений Жовтистің ісіне қатысты тыңғылықты әрі шынайы тексеру жүргіземіз


Ішкі істер министрлігі адам басып кеткен құқық қорғаушы Евгений Жовтистің ісіне қатысты тыңғылықты әрі шынайы тексеру жүргізуге уәде беруде.

«Заң бәріне ортақ, өкінішке қарай, мұндай деректер аз емес, олардың барлығы бойынша әділ тергеу жүргізіледі», —деді ІІМ баспасөз хатшысы Қуанышбек Жұманов.

Бұл іс бойынша ҚР ҚК-нің 296 -бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған, жүргізілген тексерулер қаза болған Молдабековтің де, құқық қорғаушы Евгений Жовтистің де қандарының құрамында ішімдіктің болмағанын анықтаған.

Бұдан бұрын Адам құқығын қорғау және заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық бюроның директоры Евгений Жовтистің өзі айдап келе жатқан «Тойота» маркалы автокөлігімен шілденің 26-сы күні сағат 22.30-дың шамасында Қараой-Алматы тас жолының 131-шақырымында жаяу жүргіншіні қағып кеткенін хабарлағанбыз.
XS
SM
MD
LG