Accessibility links

Алматыда қаладағы алғашқы медресе ашылды


Бүгін Алматыдағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан «Әбу Ханифа медресесі» ашылды. Бұл қаладағы алғашқы медресе, — деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Жаңа медресенің ашылуында сөз алған Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісалының айтуынша, медресе республикадағы жас имамдарды дайындайтын негізгі орта білім беру орны болмақ. Бұл республикадағы 7-ші медресе. Жылына 25 бала 2 жыл 8 ай бойы діни білім алады.

«Қазіргі уақытта түрлі діни ағымдар мен ұйымдар бар. Дінімізді солардың ықпалынан таза сақтау үшін ерекше білімді, елін сүйетін отандық дін мамандары қажет. Бұл орталық сондай мамандарды дайындауға ықпал ететін бірден-бір орын болады», — деді Бас мүфти.
XS
SM
MD
LG