Accessibility links

Дағыстанда 2 полицей қаза тапты


Ресейдің Дағыстан аймағында орын алған шабуылдан 2 полиция қызметкері қаза тапты. Интерфакс ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жергілікті полицейлер күдікті бір көлікті тексермекші болған кезде белгісіз бір адамдар оларға шабуылдаған. Бұл атыстан сондай-ақ бір полиция қызметкері қатты жараланды деп хабарланып отыр.

Соңғы кездері Солтүстік Кавказ аймағында билік орындарына жиі шабуыл жасалуда.
XS
SM
MD
LG