Accessibility links

Азиядағы дауыл халықты әбігерге түсірді


Шығыс Азияда қатты дауыл болып, Тайвань мен Жапонияда және Қытайда бірнеше адам қаза тапты. Моракот дауылы салдарынан су тасқыны орын алып, Тайванда кемінде 12 адам құрбан болды. Бұл табиғи апат нәтижесінде Қытайдың шығысындағы миллиондаған халық өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Ал Жапонияда кемінде 10 адам қаза тапты деп хабарланып отыр.
XS
SM
MD
LG