Accessibility links

Сейсембаев Қазақстанға оралмақшы


Альянс банктың директорлар кеңесінің төрағасы Марғұлан Сейсембаев тамыздың аяғында Қазақстанға оралуға уәде етті. Бұл туралы ол дүйсенбі күні жариялаған ашық хатында мәлімдеген. Сейсембаев «2009 жылдың 30-шы тамызында демалысым аяқталып, Қазақстанға қайтамын», - деп жазады өз хатында.

Ол сондай-ақ Альянс банктың төңірегінде қалыптасып отырған жағдайды түсіндірген. Сейсембаевтың атап көрсетуінше, шын мәнінде ол 1,1 миллиард доллар көлеміндегі банктың қарыздық міндеттемесімен қатар бүкіл банкты 100 теңгеге үкіметке сатуды ұсынған. Бұл жағдайда тек шетелдік инвесторлар мен банктың акционерлері ғана ұтылған, ал қалғандары, яғни үкіметтен бастап банктың клиенттеріне дейін пайда көрген, дейді Сейсембаев.
XS
SM
MD
LG