Accessibility links

Франция: Ирандағы француз әйелін босату басты мақсат


Франция президенті Николя Саркози Иранда сотқа тартылған француз азаматшасын азат ету Франция үшін «басты мақсат» деп мәлімдеді. Клотилда Рейс маусым айындағы даулы президент сайлауына байланысты шерулерде тұтқындалып, сотқа тартылған адамдардың бірі. Оған тыңшы болды және Батыстың үкіметті құлату жоспарына көмектесті деген айыптар тағылған.

Оның алдында Иран билігі сайлау барысындағы шерулерде ұсталғандардың сотына қатысты Батыс елдерінің сыни пікірлерін жоққа шығарды. Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Хассан Гашгавидің мәлімдеуінше, Теһран өзінің ішкі мәселелеріне шетел мемлекеттерінің араласуына қарсы.

Жексенбі күні БҰҰ-дағы АҚШ елшісі Сюзан Райс Ирандағы әлгі сот істерін «көзбояушылық» деп айыптады. Британия мен Франция да жергілікті елшілік қызметкерлерінің қамауға алынып, сотқа тартылып жатқандығы үшін Теһранды сынады.

Маусым айындағы даулы президент сайлауына байланысты шерулерде ондаған наразылық танытушы тұтқындалған болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG