Accessibility links

Қырғызстанда шеру өткізген ұйғыр азаматтары ұсталды


Қырғызстан полициясы дүйсенбі күні Бішкекте рұқсат етілмеген шеру өткізгені үшін екі жетекші ұйғыр белсендісін тұтқындады. Әлгі ұйғыр азаматтары Бейжіңді Шыңжаңда «мемлекеттік лаңкестікті» іске асырды деп айыптады.

Қырғызстанның адам құқықтары омбудсмені Турсунбек Акунның айтуынша, қамауға алынған азаматтардың аты-жөні Ділмұрат Акбаров пен Жамалдин Насыров.

Шеруге 500-ден аса адам қатысты. Олар қолдарына «Азат Ұйғырстан» деп жазылған ұрандарды алып шықты. Өткен айда Шыңжаңда мұсылман ұйғырлар мен қытайлықтар арасында орын алған қақтығыстарда шамамен 200 адам қаза тапты.
XS
SM
MD
LG