Accessibility links

Ауғанстан президенттігіне үміткерлерден Хамид Карзайдың рейтингі жоғары тұр


Ауғанстанда осы жылғы тамыздың 20-ы күні президент сайлауы өтеді. Мемлекетті басқарудан үміткерлер арасында елдің 2002 жылдан бергі президенті Хамид Карзайдан басқа бұрынғы сыртқы істер министрі, доктор Абдулла Абдулла, бұрынғы қаржы министрі Ашраф Гани Ахмадзай, Ауғанстанның Мәскеудегі бұрынғы елшісі Хабиб Мангал, парламент депутаттары Рамазан Башардост, Саид Джалал, президенттің кеңесшісі Хидаят Амин Арсалла және басқалар бар.

Негізгі тартыс аталған кандидаттардың бастапқы үшеуінің арасында болады деген болжам бар. Ал қоғамдық пікірдің қорытындысы бойынша қазіргі президент көш бастап келеді.

Американдық Glevum Associates агенттігі жүргізген зерттеулер мәліметінше, Карзай сайлауға қатысатын ауғандықтардың 45 пайызының дауысына үміт арта алады. Екінші орында 25 пайыздық қолдаумен бұрынғы сыртқы істер министрі, доктор Абдулла Абдулла тұр.

Тағы екі кандидат сайлаушылардың 9 және 4 пайыз дауыстарына ие болады деп жоспарланған, ал сұралғандардың 17 пайызы қалған өз дауыстарын қалған 37 үміткерге бөліп беретіндіктерін айтқан.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG