Accessibility links

Мәскеуде Кеден одағы комиссиясының отырысы өтеді


Ертең Мәскеуде РФ үкіметінің вице-премьері Игорь Шуваловтың басқаруымен Кеден одағы комиссиясының отырысы өтеді. Оған Қазақстан тарапынан ҚР үкіметінің вице-премьері Өмірзақ Шүкеев қатысады.

Отырыстың күн тәртібінде оннан аса мәселе қарастырылады, оған Кеден кодексі жобасының талқылануы мен ДСҰ-ға кіру жөніндегі консультация кіреді.

Бұдан бұрын Ресей, Қазақстан мен Белоруссияның ДСҰ-ға кіру туралы тақырыптық келіссөздерді осы жылдың қыркүйек айында талқылайтыны хабарланған. Осыған байланысты Кеден одағы елдерінің сарапшылары Астанада консультациялық кеңес өткізген.

ДСҰ-ға Ресейдің бірігуі жөніндегі 15 жылдан аса сөз болған келісімдер 95%-ға аяқталды, ал 13 жылдан бері келіссөз жүргізіп келе жатқан Қазақстан тарифтер жөнінде әлі келісімге келе алмауда, бірақ 22 елмен екі жақты келісімдерге қол жеткізді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG