Accessibility links

Шекарасыз репортерлер ұйымы Есіргеповтың үкіміне наразы


Шекарасыз репортерлер ұйымы Қазақстандағы «Алма-Ата-Инфо» газетінің бас редакторы Рамазан Есіргеповтың 3 жылға түрмеге жабылуына байланысты өзінің «ашу-ызасы» келіп отырғандығын мәлімдеді.

8 тамыз күні Тараз қалалық соты журналист Есіргеповты 3 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Сот оны Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметі туралы құпияны заңсыз жолмен алып, таратқаны үшін айыпты деп тапты.

Баспасөз еркіндігін қорғайтын топ журналистің түрмеге жабылуы сөз бостандығы мен демократияны бұзды деп мәлімдеп, сот үкімін жоққа шығаруды талап етті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG