Accessibility links

Ебади БҰҰ басшысын Иранға шақырды


Нобель сыйлығының лауреаты Ширин Ебади БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги-мунды Иранға барып, елдегі адам құқықтарының тапталып жатқандығын өз көзімен көруге шақырды. Ебадидің айтуынша, маусым айындағы даулы сайлауда президент Махмуд Ахмадинежад қайта сайланған соң орын алған оқиғаларда 100-ден аса адам өлтірілген және көптеген адам қамауға алынған.

Иран билік орындары 100-ден астам адамды сотқа тартып, оларды тыңшылық жасады деп айыптап отыр.

АҚШ пен Еуропа Одағы Ирандағы сот үдерісін «көзбояушылық» деп айыптады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG