Accessibility links

Қарзай: Ауғанстандағы сайлау бейбіт жағдайда өтеді


Ауғанстан президенті Хамид Қарзай Талибан алдағы аптада өтетін сайлауға тосқауыл бола алмайды деп мәлімдеді. Кабул мектебінде өз қолдаушыларының алдында сөйлеген сөзінде Қарзай тамыздың 20-дағы президент сайлауы бейбіт жағдайда өтеді, ауғандықтардың дауыс берулері өте маңызды деп атап көрсетті.

Бұдан бұрын Талибан Ауғанстандағы сайлауларға кедергі жасаймыз деп айтқан болатын. Соңғы кездері бұл елде зорлық-зомбылық әрекеттері көбейді.

Таяуда орын алған шабуылдардан 7 ауған сарбазы мен шетел жауынгерлері құрбан болды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG