Accessibility links

БҰҰ басшысы Мьянма билігін Су Чжиді босатуға шақырды


БҰҰ бас хатшысы Пан Ги-мун Мьянма билігін демократиялық жетекші Аун Сан Су Чжиді тезарада шартсыз босатуға шақырды. Су Чжи 18 айға үйқамаққа қайта алынған болатын.

Мамыр айында бір американдық азамат көл арқылы өтіп, Су Чжидің үйіне барған соң оған үйқамақтың шарттарын бұзды деген айыптар тағылды. Басында сот Нобель сыйлығының иегері 64 жастағы Су Чжиді үш жылға түрмеге жабу туралы шешім шығарды. Бірақ Мьянма әскери билігі бұл үкімді жеңілдетті. Еуропа Одағы сот шешімін айыптап, Су Чжидің босатылуын талап етті.
XS
SM
MD
LG