Accessibility links

Шахтинскіде бокстан Азияның үш дүркін чемпионы Ермек Серіковті өлтіріп кетті


Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 20 жастағы спортшы белгісіз біреумен жанжалдасып қалып, соның салдарынан оң қабырғасынан оқ тиген, боксшыны «Оса» тапаншасымен атқан.

Төтенше оқиға автостанция аумағында, жанар-жағармай құю бекетіне жақын маңда орын алған, қансыраған спортшыны жедел жәрдем алып кеткен, бірақ ол операция барысында көз жұмған. Қылмысқа қатысты тапаншаның гильзасы «Тойота Камри» көлігінен табылған, куәгерлер оқиға орнынан қашып кеткен екінші көлікті байқағандарын айтқан.

Ермек Серіков Қазақстандағы жастардың арасындағы ең талантты боксшылардың бірі еді. Ермек Серіков Қарағандының бокс мектебінде Бахтай Сәпиевтен кейінгі боксшы саналатын. Ол қыркүйек айында бокстан өтетін әлем чемпионатын Қазақстан құрамасының атынан қатысуы тиіс еді. 2012 жылы Лондонда өтетін Олимпиада ойындарына қатысу боксшының ең үлкен арманы болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG