Accessibility links

Женева конвенцияларына 60 жыл толды


Соғыс жүргізуге байланысты халықаралық Женева конвенцияларына бүгін 60 жыл толды. 1949 жылы қол қойылған 4 конвенция әскери қақтығыстардағы қарапайым халық пен тұтқындарды сондай-ақ жараланғандар мен гуманитарлық жұмысшыларды қорғауды көздейді.

Бұл заңдардың қорғаушысы Халықаралық қызыл крест ұйымы әлем елдерін Женева конвенцияларының шарттарын дұрыстап орындауға шақырды. Аталған келісімдерді 194 мемлекет бекіткен.
XS
SM
MD
LG