Accessibility links

Путин: Ресей Абхазияның қорғанысын күшейтпекші


Ресей премьер-министрі Владимир Путин Абхазияның қорғаныс мәселелеріне жарты миллиард доллардан көп қаржы бөлуге уәде етті. Грузияның бұл жікшілдік аймағына жоспарланған сапары алдында сөйлеген сөзінде Путин Абхазияның қорғаныс мәселесін күшейту мақсатында Ресей 504 миллион доллар жұмсайды деп атап көрсетті.

Өткен жылғы соғыстан кейін Мәскеу Абхазия мен Грузияның тағы бір жікшіл аймағы Оңтүстік Осетияның тәуелсіз мемлекеттер деп мойындаған болатын. Путиннің мәлімдеуінше, Грузия 2008 жылдың тамыз айындағы соғыстан үлкен сабақ алуы тиіс.

Ресей аталған аймақтарға бірнеше мың сарбазын орналастырды.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG