Accessibility links

Amnesty: Ресей құқық қорғаушыларды қудалауын тоқтатсын


Amnesty International ұйымы халықаралық қауымдастықты Ресейге қысым жасап, «құқық қорғаушы белсенділердің қудалануын» тоқтатуға шақырды.

Сейсенбі күні Шешенстанның құқық қорғаушысы Зарема Садулаева мен оның күйеуі Алик Жабраиловты белгісіз адамдар өлтіріп кетті. Ал өткен айда адам құқықтарын қорғаушы тағы бір жетекші белсенді Наталья Эстемирова өлтірілген болатын.

Amnesty International ұйымы құқық қорғаушылардың өліміне қатысты тергеу істерінің жүйелі түрде сәтсіздікке ұшырауына байланысты Ресей мен Шешенстан билік орындарын айыптады.
XS
SM
MD
LG