Accessibility links

Нұрсұлтан Назарбаев: Келесі жылдың бюджеттік қаржысын үнемдеу керек


«Әлемдік қаржы дағдарысы жалғасуда, дүние жүзінің қаржы жүйесінде оң өзгерістер байқалмай тұр, сондықтан да 2010 жылдың бюджеті оңай болар емес. Осыған байланысты қатаң экономикалық үнемдеу маңызын жоймақ емес. Біз бюджетті алтын валюта сақталымы мен Ұлттық қор тұрғысынан егжей-тегжейлі қарастырамыз, осы орайда мемлекет қаржысын жұмсауға өзгертулер енгізуіміз керек. Дәл қазір қажетті, нәтиже беретін істерді ғана атқаруымыз керек, ал қалғандарын жайлы уақытқа қалдыра тұратынымызды айтуға тиіспіз», — деді мемлекет басшысы Бурабайда өткен 2010 – 2012 жылдардағы республикалық бюджет мәселесі жөніндегі кеңесте.

Бұған қоса президент келесі жылдың алғашқы жартысында «жағдайдың өзгеруі мүмкін» екендігін де жоққа шығарған жоқ және алғашқы жарты жылдықтан кейін кейбір бағдараламалар бойынша бюджеттің қайта қарастырылуы мүмкін екенін жеткізді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG