Accessibility links

Microsoft канадалық компанияға 290 млн доллар айыппұл төлейді


Техастың федералдық соты әлемдегі компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз етуші Microsoft Corp –қа АҚШ аумағында екі ай бойы Word бағдарламасының кей нұсқаларын сатуға тиым салды.

Сот Microsoft-ты Канаданың i4i LLP жеке компаниясының Word редакторын жасаудағы патенттік құқығын бұзғаны үшін айыптауда. Бұған қоса сот Microsoft-қа аталған компанияға өтемақы ретінде 290 млн доллар көлемінде айыппұл төлеуге шешім шығарды.

Microsoft өкілдерінің мәлімдеуінше, компания апелляциялық шағым жасауға ниетті, — деп хабарлайды Associated Press.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG