Accessibility links

Түркия оппозициясы «Южный поток» газ құбырына қарсы шығуда


Түркияның оппозициясы елдің ресейлік «Южный поток» газ құбыры құрылысына қатысуына қарсы шығуда. Оппозициялық Халықтық-республикалық партия үкіметті аталған газ құбыры жөніндегі келісімді қайта қарауға шақырды. Бұл келісімге жақында Түкияға барған РФ үкімет басшысы Владимир Путиннің сапары кезінде қол қойылған болатын.

Ресей газын Еуропаға тасымалдайтын «Южный поток» газ құбыры Қара теңіздің түбімен Новороссийскіден Болгарияның Варна портына дейінгі аралықтан өтеді. Анкара газ құбырын өз аумағынан өткізуге келісім берген.
XS
SM
MD
LG