Accessibility links

«Казипотека» 115 мың теңге жалақы алатын қазақстандыққа несие береді


Мемлекеттік Ипотекалық компанияның еншілес құрылымы болып табылатын «Казипотека» компаниясы кепілдік несиелендіру нарығына шықты. Сарапшы мамандардың айтуынша, бұл құрылымның несиесіне соңғы жылдағы тұрақты айлық жалақысы бар кез келген қазақстандық ие бола алады.

Несиенің пайыздық мөлшерлемесі Қазақстан Ипотекалық компаниясының (КИК) белгіленген бағамдық ақысына тәуелді болмақ. Бағасы 40 мың долларлық пәтерді несиеге алу үшін клиенттің айлық жалақысы 115 мың теңге болуы тиіс.

«Алғашқы жарна жылжымайтын мүліктің 10 пайызы көлемінде. Кесімді мөлшерлемесі жылына 9,9 пайыз. Ал несиені ұйымдастыру комиссиясы 2 пайызды құрайды, ал мерзімінен бұрын төлеу комиссиясы 1 пайыз мөлшерінде», — дейді «Казипотека» АҚ –ның басқарма төрағасы Әлімжан Есетов.

«Казипотека» АҚ –ның несеилік портфелі 4 миллиард теңгені құрайды. Өткен жылдың қыркүйек айы мен осы жылдың ақпан айына дейін бұл компания мемлекеттік бағдарлама бойынша 3 миллиард теңгеден астам несие берген.
XS
SM
MD
LG