Accessibility links

Жоғарғы сот «Алма-Ата инфоны» уақытша жабу шешімін өзгеріссіз қалдырды


Бүгін Жоғарғы сот «Алма-Ата инфо» басылымына қатысты алғашқы инстанцияның шешімін өзгеріссіз қалдырды. Бұдан бұрын, үстіміздегі жылдың 10-ақпанында, Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Медеу аудандық прокурорының шағымын қарап, «Алма-Ата инфо» газетінің жұмысын бір айға тоқтатуға шешім шығарған болатын.

Сондай-ақ алғашқы отырыста сот «Алма-Ата инфо» газетінің бас редакторы Рамазан Есіргеповтің былтыр күзде осы газетте жариялаған материалына сараптама жүргізу туралы өтінішті қанағаттандырған жоқ. Сонымен қатар, Жамбыл облыстық Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің үстінен редакцияның жасаған шағымын қараудан да бас тартты.

Басылымға қатысты сот процестерінде басылымның мүддесін қорғаған журналист Владимир Воевод, «Жоғарғы соттың бүгінгі шешімінің тамыздың 8-де Тараз қаласында бас редактор Рамазан Есіргеповке қатысты шыққан шешімге тікелей байланысы бар» екендігін айтады.

«Егер бүгінгі сот басылым бетінде жарияланған ақпараттардың ешқандай «құпия» еместігін анықталса, онда Есіргеповке қатысты істің де еш негізі болмаушы еді. Сондықтан Жоғарғы соттың бүгінгі шешімі алдын ала белгілі болған», — дейді Владимир Воевод.

Басымының бас редакторы Р.Есіргеповтың әйелі Раушан Есіргепова БҰҰ –ның адам құқықтары жөніндегі комитетіне шағым түсірмекші.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG